Батыс Қазақстан облысының әкімі Садақ ату бәсекесін бастап берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Садақ ату бәсекесін бастап берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2024 15:29 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Елімізде аталып өтіп жатқан Наурызнама он күндігіне сәйкес, 20 наурыз –Ұлттық спорт күні.

Бұл күні Батыс Қазақстан облысында "Ұлттық спорт" күніне арналған Садақ ату және Аударыспақ спорты бойынша қала тұрғындары мен әуесқойлар арасында жарыс өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде Наурыз мерекесі Наурызнама атауымен жаңа форматта тойлануда. Наурызнаманың әр күні ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған. Бүгін міне Ұлттық спорт күні. Бұл күні ұлттық спорт түрлерінен өтетін сайыста бас қосып отырмыз.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облысымызда өтіп жатқан сайыстардың мақсаты– ата- бабаларымыздан жеткен, ұлтымыздың қайталанбас ерекшелігін көрсететін ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізу"- деді облыс әкімі.

Бұдан кейін өңір басшысы жиналғандар алдында Садақ атуды бастап берді.

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Садақ ату және аударыспақ спорты бойынша өткен бәсекеге жастар және қала тұрғындары қатысты.

"Жалпы Наурыз қарсаңында Ұлттық спорт күні Батыс Қазақстан облысында кеңінен аталып өтті." Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: