Тоқаев жазушы Медеу Сәрсекенің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
"Медеу Сапаұлы кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білді. Соңына бай рухани және әдеби мұра қалдырған Медеу Сапаұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.
Ғұмырын Қаныш Сәтбаев, Ебіней Бөкетов, Ермұқан Бекмаханов сияқты қазақтың біртуар ұлыларын зерттеуге арнаған заманымыздың заңғар жазушысы, "Құрмет" орденінің, сондай-ақ "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден озды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript