Жаңалықтар тізбегі
0

Заманымыздың заңғар жазушысы Медеу Сәрсеке дүниеден озды

Медеу Сәрсеке, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2024 21:58 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Ғұмырын Қаныш Сәтбаев, Евней Букетов, Ермұқан Бекмаханов сияқты қазақтың біртуар ұлыларын зерттеуге арнаған заманымыздың заңғар жазушысы, "Құрмет" орденінің, сондай-ақ "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу Сәрсеке Семей облысы, бұрынғы Абыралы ауданына қарасты Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті Алтын медальмен тәмамдап, Алматыдағы Кен-Металлургия институтына түсіп, 1958 жылы инженер-металлург мамандығын иеленген. Еңбек жолын "Лениншіл жас" газетінен бастаған. Ол мұнда 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді.

Инженер қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне де айрықша үлес қосты.

Сондай-ақ ол - қазақ әдебиетінде фантастика жанрының бастауында тұрған қалам иесі.

"Ғажайып сәуле" (1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), "Жетінші толқын" (1964), "От және атом" (1965) сынды повестердің авторы. Өндіріс адамдары жайлы "Жеті жылдықтың жігіттері" очерктер кітабы (1961), "Қаз қайтқанда" (1968), "Айшықты мезет" (1969) деректі повестері жарияланды.

"Сәтбаев", "Ебіней Бөкетов" (2005) атты деректі ғұмырнамаларын (1980, 1989), "Шығыс хикаясы" пьесасын (1971), "Жаңғырық" (1979), "Көмбе" (1985) романдарын жазды.

А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған.

"Абайды Абай қылған Мұхтар, Мұхтарды Мұхтар жасаған Абай" деген қанатты сөздер Қаныш Сәтбаевтың аузынан шыққан деседі. Сол сияқты “Қанышты Қаныш қылған Медеу, Медеуді Медеу жасаған Қаныш" деген де сөз бар ел арасында. Өйткені Медеу Сәрсеке Қаныш Сәтпаевты тыңғылықты зерттеуге 60 жылын арнаған.

Соңғы кездері шығармашылық ғұмырын Семей атырабында өткізген қаламгер өлкетану ісіне де айтарлықтай үлес қосты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: