Жаңалықтар тізбегі
0

Терактіден Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студенттер зардап шекпеген

Терактіден Мәскеуде оқып жатқан қазақстандық студенттер зардап шеккен жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2024 10:09 Сурет: Facebook/sayasat
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәскеуде мемлекеттік бағдарламалар бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттердің барлығы қауіпсіз екенін, "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған терактіден ешкім зардап шекпегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ресей Федерациясында "Болашақ" және "500 ғалым" бағдарламасы бойынша қазір 32 қазақстандық білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Стипендиаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шығып, аман екендерін айтты", - деп жазды Саясат Нұрбек Telegram парақшасында.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне "Крокус Сити Холл"-да болған терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат түспегені хабарланған болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті президент Владимир Путинге теракт құрбандарының көп болуына байланысты көңіл айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: