Қазақстанда А гепатитін жұқтырып алушылар қарасы көбейген

Гепатит А, Қазақстан, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 11:31 Сурет: pixabay
Қазақстанда А гепатитіне шалдығушылар көбейе бастады. Биыл бұл дертке шалдыққан науқастар саны 2023 жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары көрсеткішке ие, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылдың басынан бері елімізде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары көрсеткіш", делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 24 наурызда таратқан хабарламасында.

А вирустық гепатиттің берілу жолдары:

  • лас сумен, бұзылған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. 

А вирустық гепатиті ауруының белгілері:

  • дене температурасының жоғарылауы,
  • бастың ауруы,
  • тәбеттің төмендеуі,
  • енжарлық,
  • жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін екі аптада және бір аптадан кейін басқаларға ауруды жұқтыра бастайды. 

Вакциналау А вирустық гепатитінен қорғайды. 

Вакцинациялауға жататын топтар:

  • екі жастағы балалар;
  • инфекция ошақтарындағы науқаспен байланыстағы адамдар.

Гепатиттен қалай сақтануға болады:

  • тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;
  • ашық су қоймаларынан алынған суды қайнатпай ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;
  • ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: