Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда сәби өлімі көбейген

Қазақстанда сәби өлімі көбейген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 13:54 Сурет: pixabay
Қазақстанда соңғы бес жылда сәби өлімі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Қайғылы жағдайлар әсіресе Алматыда көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шахар басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына барды.

Жыл сайын мұнда 12 мыңдай адам медициналық көмек алады. Қауіпті санаттағы 9000-нан астам әйел босанады.

Алайда операциялық бөлмелерде желдету жүйесі мүлде жұмыс істемейді. Жылыту жүйелерін, кәріз құбырларын ауыстыру қажет, деп жазады qazaqstan.tv.

Шатыр мен лифтілерді жөндеу керек. Ерболат Досаевтың сөзінше бала өлімінің көбеюіне техникалық базаның ескеруі де себеп болуы мүмкін.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына келесі жылы осы проблемаларды кешенді шешу тапсырылды.

Сондай-ақ әкім №22 қалалық емханаға барды. Мекеме бір ауысымда 200 келушіні қабылдайды. Яғни шамадан тыс жүктеме бар.

Бұл мәселені шешу үшін Саялы шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: