Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2021 20:57 pixabay
Сәби Қазақстанда ЭКО арқасында дүниеге келген 25 мың баланың ішінде алғашқылардың бірі болды.

Қазақстанда Президенттің "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-тегі парақшасында жазды.

2021 жылдың 15 қазанында еліміздегі ЭКО бағдарламасы сәтті өткізіліп, президенттік бағдарлама "Аңсаған Сәби" бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметі бойынша: сәби Қазақстанда ЭКО арқасында дүниеге келген 25 мың баланың ішінде алғашқылардың бірі болды. Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұратын Дана алғаш рет репродуктивті медицина институтына 9 жылдан бері жүкті болмай жүргенін айтып, көмекке жүгінген. Дана "Жас-ай" медициналық орталығында аға медбике болып жұмыс істейді, ал оның күйеуі электрик Қуандық көпке дейін материалдық жағдайына байланысты ЭКО жасата алмай жүріпті. Ерлі-зайыптыларға "Аңсаған сәби" бағдарламасының квотасы бойынша ЭКО әдісімен жүктілікті жоспарлау ұсынылды. Көптен күткен алғашқы жүктілік дәрігер Косетова Аяулым Берікболқызына қаралып, алғашқы квоталық ЭКО бағдарламасы жүзеге асырылғанда тіркелді, 15 қазан күні №3 қалалық перзентханада салмағы 3156 келі, бойы 52 см Арман есімді дені сау ұл бала дүниеге келді, делінген министр жазбасында.


Тарихи деректер: Қазақстандағы алғашқы ЭКО зертханасы 1995 жылы Алматы қаласындағы қалалық адам репродукциясы орталығында бас дәрігер Тамара Мұфтахқызы Жүсіпәлиеваның жетекшілігімен ашылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: