Жаңалықтар тізбегі
0

Неонатологтар: Қазақстанда сәби өлімі 32% төмендеді

Дети, ребенок, детский сад, новорожденный , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 16:28 Фото: unsplash
Елімізде соңғы 10 жылда сәби өлімі 32 пайызға төмендеді. Бұл перинаталдық орталықтардағы медициналық көмек сапасының жақсаруымен байланысты, дейді мамандар.

Алматыда алғаш рет Неонотологтар конгресі басталды. Жиынға әлемнің жеті елінен жетекші мамандар қатысты. Шарада жаңа туған нәресте ағзасының түрлі инфекциялармен күресуі, қатерлі жүктілік кезінде сәбиді аман алып қалу жолдары айтылды.

Сондай-ақ шала туған шақалақты оңалту, оларға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек түрлері ұсынылды. Жиын барысында отандық неонотология саласында ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды тартудың тәсілдері де талқыланды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі уақытта елімізде мыңнан аса неонатолог бар. Ал шалғай аудандарға әлі 80-нан аса дәрігер жетіспейді.

"Сапаны арттыру арқылы өлім көрсеткішінің төмендеуіне әсер етіп жатырмыз. Яғни орташа 4 промилле еуропалық көрсеткіштерге сәйкес. Бұл Орта Азия мемлекеттерімен салыстырсақ, ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Жылдан жылға неонатолог мамандар медициналық университеттерден шығарылып жатыр." Бектұрған Қарин, Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтары конгресінің президенті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: