Елде сәби өлімі 26 пайызға азайды

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2025 09:12 Фото: pexels
Елде сәби өлімі 26 пайызға, ал ана өлімі 10 пайызға азайған.

Бұған медицина саласындағы реформалар мен алдын алу шараларының нәтижесі әсер етіп отыр, -дейді сала министрлігі.

Бүгінде перзентханалар жұмысы жетілдіріліп, нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмек күшейтілген.

Туа біткен патологиясы бар 1500-ге жуық сәби жыл сайын шұғыл ем алады. Сондай-ақ неонаталды өлім-жітім 19 пайызға қысқарған.

Бұған жүкті әйелдердің 90 пайызының тұрақты түрде пренаталдық скринингтен өтуі себеп, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда дәрігерлер жас қыз-келіншектер арасында анемия, жүрек-қан тамырлары және эндокриндік аурулар жиілегенін айтады.

Сондықтан денсаулықты бақылап, жүктілікті алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

"Жүкті әйелдердің денсаулығының аздап төмендегені анық. Жүкті әйелдердің арасында қазір анемия, жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары, бүйрек аурулары және эндокриндік жүйенің аурулары жиі кездеседі. Біз жүктілікке дейін денсаулығына толық сараптама өткізіп, қажетті тексерулерден өтіп, емделіп сауығып барып, жүктілікті жоспарлауды насихаттаймыз." Шакизат Халықова, ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: