Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, 25 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 09:56 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
25 наурызда, дүйсенбіде синоптиктер Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлап, атмосферада зиянды қоспалар жиынтығы көп тіркелуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 25 наурызда Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағандыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелуі мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар дәрі-дәрмегін өзімен бірге алып жүруі тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: