Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысындағы шалғай ауылдар интернетпен қамтылады

Абай облысындағы шалғай ауылдар интернетпен қамтылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2024 10:27 Сурет: pexels
Абай облысындағы шалғай ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет тартылып жатыр. Жақында Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылына 4G желісі орнатылды.

Ауыл іргесіндегі турист көп баратын Қоңыр әулие үңгірі маңында да заманауи байланыс жұмыс істеп тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Жыл соңына дейін тағы екі ауылға антенналық бағаналы құрылғы орнатылмақ. Жалпы облыстағы 330 елдімекеннің 90-ға жуығында интернет жоқ. Мәселені шешу үшін аймақта жол картасы бағдарламасы әзірленген.

"2023 жылы ауданымызда Медеу және Саржал ауылдары интернетпен қамтылған. Бүгінгі күні, міне 2024 жылы Тоқтамыс ауылы интернет желісімен қамтылып отыр." Жандос Сайлаубеков, Абай аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: