Қазақстанда тағы бір көпір опырылып қалды
Сурет: Instagram/ztz_04_aktobe
Ақтөбе облысындағы Жем қаласында көпір құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 27 наурызда жарияланды.
"Жем қаласындағы бұрынғы аэродромға апаратын көпір құлады. Шаруа қожалықтарының иелері осы жолмен жүрді. Аэродромда әлі де тікұшақтар қонады. Бұл ол жаққа апаратын жалғыз жол", – делінген фотосуреттің жазбасында.
Оқиғаға қатысты Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінде көпірдің құлау себебі айтылмады. Бірақ көпірді жолмен бірге күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізуге ниетті екендігі хабарланды.
"Ағымдағы жылы көпірмен бірге Жем қаласындағы әуеайлаққа баратын жолды жаңғырту мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Осыған сәйкес тиісті қаражат қаралғаннан кейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі", – делінген хабарламада.
Күрделі жөндеуден бұрын көпір уақытша қалпына келтіріледі.
Осыған ұқсас жағдай Абай облысында да тіркелген. Онда өзен көпірді қиратты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript