Үндістанда салынып жатқан көпір екінші рет опырылып түсті

Үндістан, көпір, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 12:59 Сурет: видеодан скриншот
Бихардағы Ганг өзені арқылы өтетін төрт жолақты Сұлтангандж-Агуани Гат көпірі күрделі құрылыс кезіндегі ақаудан опырылып құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of India дереккөздерінің хабарлауынша, бірнеше бағананың кем дегенде 30 тақтайы опырылған, көлемі шамамен 30 метр.

Бұл көпір осымен екінші рет құлады. 2022 жылғы сәуір айында №4, 5 және 6 бағандар опырылып құлады. Оқыс жағдайға бекітілмеген кабель тіреуіші деп себеп болған деп айтылды, кейбір тұрғындар құрылысшыларды сапасыз құрылыс материалдарын пайдаланды деп айыптады.

Құзырлы органдар көпірді тексеруді, кінәлілерді анықтап, оларға қатаң шара қолдануды тапсырды.

Көпірдің құрылысы 2020 жылдың наурыз айына дейін аяқталады деп жоспарланған, бірақ әлі күнге дейін бітпеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: