Өскеменде адамдар тұрған аспалы көпір опырылып түсті

Өскеменде адамдар тұрған аспалы көпір опырылып түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 09:39 Сурет: Instagram/oskemen_akimdigi
Өскемен қаласындағы Самал саябағы аумағында орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірі опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 7 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында Карбышев көшесіндегі көпірде болған. Сол сәтте көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел құтқару қызметтері мен жедел жәрдем бригадалары дереу жеткен. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақат алғандар жоқ, тек дене сырылуы мен жеңіл жарақаттар тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, көпірдің құлауына балалардың конструкцияны қатты тербеткені себеп болған. Соның салдарынан көпір төсемі зақымданған.

Қазіргі уақытта көпір толықтай жабылып, аумақ қоршауға алынды.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, биыл "Самал" саябағын қайта жаңарту жоспарланған. Жоба аясында аспалы көпірдің құрылымы күшейтіліп, толық жөндеуден өтеді.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін нысанға кіруге шектеу қойылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: