Жаңалықтар тізбегі
0

Олжас Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды өз назарында ұстауда

Олжас Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2024 15:24 Сурет: primeminister.kz
27 наурызда Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, жекелеген өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысына қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өңірлерде қалыптасып отырған ахуал туралы баяндалды.

Бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстарға жеке құрамнан 2500 адам, 700-ге жуық техника, 290-нан астам су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылған. Жұмыстар іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар, "Жедел желі" телефондары: ТЖМ 8 717 2 70 41 1 өз қызметін атқаруда

Өңірлердегі ахуалқа тоқталсақ, республика бойынша жедел штабтар жұмыс істейді:

  • Алматы,
  • Ақмола,
  • Ақтөбе,
  • Батыс Қазақстан,
  • Шығыс Қазақстан,
  • Солтүстік Қазақстан,
  • Қостанай, Қарағанды,
  • Павлодар,
  • Абай,
  • Ұлытау облыстарында
  • Астана қаласында.

Жиын соңында Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыру және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беру тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: