27 наурыздағы түскі саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,48 теңгеге төмендеп, 449,58 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,02 теңгені (-0,18) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 488,51 теңге, рубльді 4,86 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449,9-451,7 теңгеге, еуро 486,5-490,5 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.
Ал 26 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,81%-ға арзандап, барреліне $84,94 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,80%-ға арзандап, барреліне 80,97 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript