Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген
Сурет: pixabay
Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген. Олардың 400-ге жуығы 14 жасқа дейінгі балалар, ал оның 90%-ы бес жасқа толмағандар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мұны ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланыстырып отыр.
Вакцина алмаудың салдары да осы аурудың өршуіне себеп, - дейді. Дәрігерлер кішкентай науқастардың 80 пайызы уақытылы екпе салдырмағанын айтады, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазір Астанада - 126, Алматыда - 30 бала емделіп жатыр.
"Ауырған кезде де негізі жеңіл түрде өтеді. Пневмония, гипоксия, қатты жөтел ондай болмайды. Вакцинация бізде екі айдан басталады. Үш айда, төрт айда, одан кейін 18 айда вакцинация. Және 6 жаста соңғы ревакцинация болады." Қанат Текебаев, Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының департамент директоры
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript