Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихындағы ең үздік бас хатшылардың бірін атады

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2024 14:02 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Боао форумына қатысуға шақырғаны үшін Пан Ги Мунға ризашылығын білдіріп, оның БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарған кезде әлемдік қауымдастыққа елеулі еңбек сіңіргенін атап өтті.

"Менің пікірімше, Сіз Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихындағы ең үздік бас хатшылардың бірі ретінде қызмет еттіңіз. Екі жарым жыл Сіздің жетекшілігіңізбен жұмыс істеу мен үшін керемет кезең әрі зор мәртебе болды", – деді Президент.

Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын айтты.


"Сіз Қазақстан Президенті ретінде өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, адамзат пен БҰҰ-ның мүмкіндіктерін кеңейтуге белсенді атсалысып келесіз. Менің ойымша, Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы аса маңызды көпір рөлін атқарып отыр. Сіз Шығыс пен Батыстың ахуалын жақсы түсінесіз. Бұл ретте тәжірибеңіз мол", – деді Корея дипломаты.

Кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде БҰҰ-ның жаһандық сын-қатерлерді тиімді еңсерудегі рөлі талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық бастамаларына да тоқталды. Бас Ассамблеяның 79-шы сессиясы аясында Қазақстан Франциямен бірлесіп, One Water саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Астанада 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит ұйымдастырылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунды алдағы Астана халықаралық форумына бас спикерлердің бірі ретінде қатысуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: