Елімізде жұмыс орындарын көбейту көзделіп отыр
![Елмізде жұмыс орындарын көбейту көзделіп отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2024 13:39](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-03-28/file-ff1de220-f295-4fcc-ad1f-f0ec77872018/400x225.webp)
Елімізде сапалы жұмыс орындарының санын 1 миллионға арттыру көзделіп отыр.
Былтыр Алматыда 97 мыңнан астам адам жұмысқа орналасып, 4 мыңы кәсіптік оқу курсынан өткен, деп жазады qazaqstan.tv.
Өз ісін дөңгелетімін деген әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 375 грант және жас кәсіпкерлерге 135 микрокредит берілді.
Кездесуде несие алып, берешегін уақытылы төлемегендердің есеп-шоттары бұғатталып қалатыны әлеуметтік мәселені шиленістіре беретіні айтылды.
"Мәжілісте қазір Қаржы агенттіктерімен бірге заң жобасы қарастырылып отыр. Қаржы агенттігі бір норманы енгізіп отыр. Қолданыстағы заңдар бойынша мысал келтірсек, зейнетақыға 50 пайызға дейін шектеу қойылмайды, жәрдемақыны алсақ, мүгедектігі болса 25 пайызға дейін, егер асыраушысынан айырылса онда төлемге шектеу болмауы керек. АӘК, балаларға төленетіндерге оларға шектеу жоқ." Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript