Алматыдағы дауыл кезінде көшеде кептеліс болып, электр қуаты жаппай өшіп жатыр

дауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2024 18:49 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 28 наурызда дауыл соғып, артынша жаңбыр жауды. Жарты сағаттың ішінде ашық аспанды қара бұлт басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыл бастала салысымен-ақ қалада көлік кептелісі пайда болды, 18.00 шамасында кептелістің деңгейі 10 балға жетті.

Сурет: Zakon.kz

Қатты жел мен жаңбырдың салдарынан жолдарда дым көрінбей қалған.

Сурет: Zakon.kz

Желдің екпіні сонша күшті болғаны сондай, кейбір ғимараттарда жер сілкінісі сияқты тербелістер сезілген.

Сондай-ақ сағат 18.00-ге таман қала бойынша электр қуатының өшіп жатқаны туралы хабарламалар түсе бастады.

Сурет: скриншот

Наурызбай ауданында (Ажар шағын ауданы, Тастыбұлақ ықшамауданы) электр қуаты жаппай өшіп қалды, мұнда жарық екі сағаттан соң қосылуы мүмкін. Сондай-ақ "Ремизовка" және "Бағанашыл" шағын аудандарында электр қуаты үш сағаттан қосылатыны хабарланды. "Тау Гигант" шағын ауданында екі сағаттан соң жарық қосылады.

Сондай-ақ Бостандық ауданы бойынша Тимирязев, Бұқар жырау, Жароков, әл-Фараби көшелерінің бойында да электр жарығы сөніп қалған. Бұл көшелерде жарық төрт сағаттан соң қосылады. Сонымен қатар Алмалы және Нұркент, Әйгерім-1 шағын аудандарында (Алатау ауданы) электр қуаты сөніп қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: