Жетісу облысындағы су қоймасында қаза тапқан балықшының мәйіті табылды

балықшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2024 18:30 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысының құтқарушылары су қоймасында қаза тапқан балықшының денесін алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің 12 м/с дейін күшеюіне байланысты мұз бөлініп, балықшы суға батып кеткен.

ТЖД құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Бүгін сағат 14:54-те құтқарушылар күшімен қайтыс болған балықшының денесі су қоймасынан шығарылды.

ТЖМ мұздың қазір жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: