Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында мектеп мұғалімі сабаққа ұлттық киіммен келген оқушыларға қысым көрсеткен

бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2024 19:10 Сурет: видео скрині
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мектеп мұғалімі сабаққа ұлттық киіммен келген оқушыларға психологиялық қысым көрсеткен. Педагог сабақ үстінде оқушыларға ою-өрнегі бар жилетті шешуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мектептегі сәттің видеосы Telegram-да жарияланды. Онда мұғалімге шағымданған оқушы еңкілдеп жылап, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына келген. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады7

Осы сәтте оқушы қызға басу айтқан директор орынбасары оны сынып кабинетіне алып келіп, пән мұғаліміне есерту жасайды.

"Апай, не болды? Тиіспей-ақ қойыңызшы оқушыларға. Шешпеңдер, тыныш отырыңдар! Оқушыларға қысым жасай бермеңіз, апай. Мен сізге айтып тұрмын, неге тегі мәмілеге келмейсіз. Қазір ораза. Ұрыспай-ақ қояйық, Тамара апай… "Жилетіңде шеш" деп оқушыларды сабаққа кіргізбей отыр. Киіп алыңдар. Қазір мереке, Наурыз мерекесі", - дейді директор орынбасары.

Видеода пән мұғалімі балалар сыныпта ақ көйлекпен отыру керектігін, ою-өрнекті жилетті шешу керек деп айтқанын жоққа шығармайды.


Мұғалім мен "завуч" арасындағы әңгіме соңы жанжалға ұрысқанын байқауға болады. Себебі педагогтар мәселені шешу үшін сабақ үстінде сынып алдындағы дәлізге шығып, ары қарай жанжалдасады.

Түркістан облыстық білім басқармасындағылар бұл оқиға Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екенін айтты. Ал видеодағы мұғалім тарапынан қысым көрген оқушы қызға педагог-психологтардан қажетті психологиялық қолдау көрсетілген.

"Қазіргі таңда жағдайды жан-жақты зерделеу үшін Түркістан облысының білім басқармасы мен білім сапасын қамтамасыз ету департаменті өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында тиісті шаралар қабылданады", - деп мәлімдеді басқарма.

Мектептегі бұл жайтты аудандық полиция бөлімі тіркеуге алған. Тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: