ШҚО перзентханаларында жаңа туған сәбилер үйіне ұлттық киіммен шығарылды
Сурет: ШҚО ақпарат тарату орталығының баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстанда жаңа туған сәбилерді перзентханадан ұлттық киіммен шығару игі дәстүрі биыл да жалғасып, Аягөз ауданаралық ауруханасының перинаталды бөлімшесінде өмірге келген он бала үйіне қазақша нақыштағы киіммен жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл күндері өмір есігін ашқан сәбилермен қатар, біз айдың басында дүниеге келген егіздерді де баптап, күтіп, барлық қажетті неонатологиялық көмек көрсетіп, шығарып отырмыз. Олар өмірге келгенде 1 200, 1300 граммдық шақалақтар болатын. Бұл ретте біздің аурухананың Перинатальді қызметінің әлеуеті жоғары екендігін айта кетсем. Біздің нәрестелерімізге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.Аягөз ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров
Ал Табағатай ауданы Ақжар ауылының тұрғыны Ақмарал Закариянова мереке қарсаңында төртінші рет ана атанды.
«Тосынсый таң қалдырды. Шығуға жиналып жатқанда, бізге осы тамаша ұлттық киімді сыйға тартты. Наурыз – ұлық мереке. Әр шаңыраққа сәбидің күлкісі бұйырсын», – дейді Ақмарал.
Сурет: ШҚО ақпарат тарату орталығының баспасөз қызметі
№2 Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, келер ұрпаққа аманаттау қажеттігін айтты.
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген ұлы бабаларымыз ұлттық киімдерімізді қадір тұтқан. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де ерекше. Ұлттық киім біздің ата-бабамыздан қалған ғажап мұрамыз, асыл қазынамыз, алдыңғы буын мен соңғы буынға, ата -дәстүрлерімізді дәріптеп, ұлықтап жеткізу -біздің міндетіміз. Наурыз құтты болсын, өскелең ұрпақ елімізді дамытатын нағыз ұлтжанды патриоттар болып өссін!№2 Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript