Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер жаңа туған шақалақтың маңдайын абайсызда тіліп алған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2021 23:06 Сурет: pixabay
Дәрігерлер жаңа туған шақалақтың маңдайын байқаусызда тіліп алған, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл жағдай  Қызылорда облысы Шиелі ауданында болды. Кесарь тілігімен босану кезінде құрсақтағы сәбидің басына скальпел тиген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Әлеуметтік желіде жарияланған  жазба авторы осылай дейді. Шиелі аудандық аурухана мамандары оны растады. Аурухана басшылығының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде шара қолданған. Қазір ана мен баланың денсаулығына қауіп жоқ екенін айтады.

Әйелге бір жыл бұрын ғана кесарь тілігі бойынша операция жасалған. Сондықтан жатырдың қабырғалары жұқарған. Жатырды скальпельмен кескенде терінің беткі қабатына баланың маңдайы тиіп кеткен. Бұл жерді хирург пен неонатолог дер кезінде емдеген. Қызылорда облысы Шиелі аудандық ауруханасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: