Жаңалықтар тізбегі
0

Скляр Ақтөбе облысындағы су басқан Тамды ауылының тұрғындарымен кездесті

Роман Скляр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2024 20:46 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Алға ауданы Тамды ауылында су тасқынынан кейінгі жағдайды тексерді. Онда 2 мыңнан астам адам тұрады. Кеше Елек өзенінен келген су дамбыдан асып, ауылға кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Роман Склярға құтқару жұмыстарына 50-ге жуық адам жұмылдырылып, 80 тонна инертті материал дайындалғаны жөнінде баяндалды. Қазір жағдай қалыпты. Аулаларына су кірген үйлерге көмек көрсетілді. 

Ауыл тұрғындары Роман Склярға келер жылы су тасқынының алдын алу үшін дамбыға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Елек өзенінің арнасын тазарту керектігін айтып, көмек сұрады. 

"Су тасқынына байланысты ахуал Премьер-министрдің және Үкіметтің тұрақты бақылауында. Барлық қажетті шара қабылданады. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіледі".Роман Скляр

Елек өзені бойындағы Тамдыдағы дамбының ұзындығы – 2,6 шақырым, биіктігі – 2-2,5 метр. Дамбыда 10 шлюз орналасқан. Қазір оны жөндеу мәселесі шешіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: