Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік қағып мерт қылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2024 15:33 Фото: zakon.kz
Петропавлдағы Жұмысшы кентінде әйел көлік астына түсіп мерт болды. Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.  

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған.

"Ауди" көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады. 

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.  Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 


"Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: