Спорттық гимнастика: Түркиядағы халықаралық турнирде ел қоржына екі медаль түсті

спорттық гимнастика, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2024 17:10 Сурет: olympic.kz
Түркияның Анталья қаласында өткен Challenge Cup санатындағы турнирде Қазақстан құрамасының мүшелері екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гимнастикалық ат снарядында Нариман Құрбанов күміс медаль жеңіп алды. Ол өзінің басты қарсыласы - иорданиялық Ахмад Әбу әл-Саудқа ғана есе жіберді. 

Тағы бір спортшымыз  Зейнолла Ыдырысов украиналық атлетпен бірдей ұпай жинаған. Алайда бағдарламаның қиындығы жөнінен қола медаль қарсыласқа берілді. 

Ал қол тіреп секіруден Аслан Сәлімов топ жарды. Ол 14.300 ұпаймен жеңіске жетті. Бұл – жас спортшының әлемдік жарыстардағы тырнақалды жеңісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: