Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енді

ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 12:18 Сурет: Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тесттілеуге жаңа өзгерістер енгізді,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелерге екі тармақ қосылды.

  • Қазақ тілін В1 (орта) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар қалауы бойынша бейіндік пәнді немесе "Қазақ тілі" ҰБТ арнайы пәнін тапсырудан босатылады. Бұған қарамастан білім беру гранты конкурсына қатыса алады немесе балдарды аудару шкаласына сәйкес ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
  • Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған түлектерге ҰБТ сертификаттары Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ сертификатының балдарына ауыстыру арқылы беріледі.

Түйіндей келе, "НЗМ" ДББҰ түлектерінің оқыту нәтижелерінің сыртқы бағасын айырбастау бөлігінде және "Қазақ тілі" бейіндік пәндерінің бірі ретінде таңдаған қазақ тілін меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар адамдар үшін ҰБТ балдарын түсушінің қалауы бойынша жетілдіру көзделеді.

Құжат 15 сәуірге дейін кеңінен талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: