"Қазавтожол" жолдағы қозғалыс шектеулері туралы хабарлады
Сурет: «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөөз қызметі
"Қазавтожол" мамандары су тасқыны салдарынан Республикалық маңызы бар төрт автожолда: Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарындағы жол қозғалысының шектеуі туралы айтты,- деп хабарлайды Zakon.kz
"2024 жылғы 3 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қардың күрт еруіне байланысты халықаралық және республикалық маңызы бар екі облыстағы (Ақмола, Қостанай) автожолда жалпы ұзындығы 109 метр болатын екі учаскеде су шаю оқиғалары тіркелді. Қозғалысты шектеу төрт облыстағы (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар) 196 км ұзындықтағы төрт автожолға сақталды", - делінген басқарма хабарламасында.
Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 283 техника мен 319 адам қалыпқа келтіру жұмысын жүргізуде.
Бұған дейін құтқарушылар Сазды су қоймасындағы су ағынына байланысты халықты эвакуациялайды деп хабарлаған болатын. Оралда Деркөл және Шаған өзендерінде судың сыни деңгейден жоғары көтерілуіне байланысты 2 сәуірден бастап кейбір тұрғын үйлер мен саяжайларды су басу орын алуда. Тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр, құтқарушылар дүрбелеңге түспеуді өтінеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript