Қазақстандық студент Доминикан президентінен жеке шақыру алды
Сурет: Instagram/omari.too
Қазақстандық полиглот Омар Әлиев бұрын-соңды болмаған танымалдылыққа ие болды. Алматы медицина колледжінің студенті әлемнің барлық тілдерінде сөйлейтіндігімен танымал. Оның даңқы Доминикан республикасының президенті Луис Абинадерге де жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Омар Әлиев әлеуметтік желіге кездейсоқ туды тартып алатын және алынған елдің тілінде сөйлей бастайтын бейнеролигін жариялаған болатын. Бұл жолы оған Доминикан туы түсіп, ол бірден испан тілінде еркін сөйлеп, осы мемлекетке барып, ұлттық тағамдардың бірін көргісі келетіні туралы айтты.
Ең қызығы Әлиев видеоны жарияланғаннан кейін Доминикан басшысы оны көріп, тіпті Омардың оқырмандары қатарына да қосылған.
Сондай-ақ, Луис Абинадер бейнежазбаға пікір де қалдырып кеткен.
Сәлем, Омар! Сізді еліміздің қонақжайлығымен, асханасымен танысуға тамаша жағажайларында демалуға шақырамын. Бірақ, осында қалғыңыз келетініне сенімдімін. Луис Абинадер - Доминикан Президенті
Сурет: Instagram/omari.too
Бүгінде Әлиевтің Instagram парақшасында 3,5 миллионнан астам оқырманы бар. Ал Тікток желісінде бұл көрсеткіш 33 миллионға жетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript