Түркістан облысында көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тәркіленді

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 14:56 Сурет: ҚР ІІМ
Кентау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицей қызмет атқару кезінде тоқтатылған Audi А6 автокөлігінің алдыңғы орындығынан есірткіге ұқсас зат салынған күмәнді пакетті анықтайды.

Бірден жедел тергеу тобын шақырып, тиісті тінту шаралары жүргізілді. Тәртіп сақшылары тінту барысында көліктен 20 полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті, өткір иісті есірткіге ұқсас затты анықтады.

Одан әрі күдікті жүргізушінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде сарайдың ішінен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.

Тағайындалған сараптама ұсынылған өсімдіктің жалпы салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдікке ілінген жүргізуші, яғни орта жастағы жұмыссыз кентаулық ер адам қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: