Алматыдағы автобуспен болған апат: жәбірленушілер жүргізушінің есінен танып қалғанына күмәнданады
3 сәуірде Алатау ауданында өткен сот барысында жәбірленуші тарап автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаеваның жолаушы соққысынан есінен танып, нәтижесінде автобус басқарусыз қалғанына күмәнданады.
Осы бойынша Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының сарапшысынан жауап алынды.
"Сараптама Ермек Шөкебаеваның медициналық құжаттары негізінде жүргізілді. Автобустың бейне жазбалары бар дискілер де қаралды. Зардап шеккен азаматқа дәрігерлер бас миының жарақаты және мидың шайқалуы сияқты диагноздар қойды. Негізінде, жүйке тамырлары бастан өтетіндігін ескерсек, соққы кезінде адам есінен танып қалуы мүмкін. Есін жоғалту бірнеше секундтан бірнеше минутқа, кейде тіпті сағатқа созылуы мүмкін. Мұның бәрі соққының күші мен адамға байланысты. Сондай-ақ, жәбірленуші соққыға жығылған бейнені де қарастырдық. Кадрларда оның есінен танып қалғаны көрінеді", - деді сарапшы.
Сот барысында адвокаттар боксшылардың неліктен рингте есін жоғалтпайтындығын сұрады. Тіпті жүргізуші мен жолаушының дене бітімін де салыстырып. Арық денелі жолаушының жүргізушіні есінен танардай соққы бере алмайтындығын алға тартты.
"Жүргізушінің ауруханаға түскен кезіндегі бас ауру, бас айналуы, жүрек айнуы туралы шағымдары оның есінен тану мүмкіндігінің жоғары екендігін көрсетеді", - деп қосты сарапшы маман.
Адвокаттар бейнежазбаларда "әйел соққыдан кейін бірден құлап кетпегенін, жай ғана еңкейіп артынша шашын түзеткенін" айтты.
"Ол шашын түзей алса, тежегішті басуға да мүмкіндігі бар еді", – деді адвокаттар.
Сонымен қатар, сотталушы тарап дәрігер Алихан Халимовты жүргізушінің соққыдан кейін есінен танып қалғанын алға тарта беретіндігіне қызығып, сұрақ астына алды.
"Мен нейрохирург ретінде 50 жылдан бері жұмыс істеймін. Тәжірибем бар. Тергеуші мен медициналық сарапшыдан екі қаулы келіп, бес сұрақ қойылды. Мен оларға жауап бердім. Онда науқастың бетінен соққы алып, есінен танғаны көрсетілген. Жағдайы-орташа ауырлық дәрежесі. Осыған сүйене отырып, мен осы жарақатқа байланысты ол есінен танып қалды, содан кейін көлікті басқара алмады деген қорытындыға келдім. Оның төменгі жақ сүйегіне зақым келтірілген, нәтижесінде ол аузын аша алмады. Боксшылар жақ сүйекке соққы тигеннен кейін адам есінен танып қалатынын жақсы біледі. Сондықтан, мен есін жоғалту ықтималдығы жоғары деген қорытындыға келдім", - деді дәрігер.
Сотталушы орындықта 32 жастағы автобус жолаушысы Дархан Ахметжанов "Бұзақылық" бабы бойынша айыпталуда.
47 шағын автобустың жүргізушісі Ермек Шөкебаева жәбірленуші ретінде сот процессі өтіп жатыр.
Автобуспен болған апат 2023 жылдың желтоқсан айында Алматыдағы Райымбек даңғылында болған. Тергеу мәліметтері бойынша жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал болған. Артынша жолаушы ер адам автобус жүргізушісі әйел адамды ұрған. Соққы әсерінен жүргізуші есінен танып, автобус аялдамада тұрған адамдарды басып кеткен. Үш адам қаза тапқан болатын.