Жалдамалы пәтерде есірткі өсірген: Шымкентте екі фитозертхана анықталды

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 19:15 Сурет: видео скрині
Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасы арнайы іс-шаралар барысында 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігін ұстады. Көлік ішінде марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтың жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды. Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген.

Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 дана бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар.Күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: