Ақтауда есірткі сақтады деген күдікпен азамат ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 15:07 Фото: Zakon.kz
Ақтауда "Қарасора — 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Нива автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тінту барысында есірткі заты салынған тоғыз пакет табылып, тәркіленді.

Кейін Ақтау қаласының 25-шағын ауданындағы гаражды тінту кезінде полицейлер осыған ұқсас есірткі заты салынған тағы төрт пакетті, сондай-ақ 85 дана зип-пакетті тәркіледі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: