Ақтауда жасырын есірткі зертханасы әшкере болды

Ақтауда "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын фитозертхананы анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 10:46 Сурет: ҚР ІІМ
Ақтауда "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 наурызда Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 52 жастағы ер адам ұсталды. Тексеру барысында оның күртесінің қалтасынан қойма кілттері табылды.

Анықталғандай, күдікті сол қоймада есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсірген.

Жиһаз цехының қойма ғимаратын тексеру кезінде мына заттар тәркіленді:

  •  есірткі қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы,
  •  11 сіріңке қорабына салынған марихуана тұқымдары,
  •  электрондық таразылар,
  •  отырғызылған өсімдіктері бар 14 гүл құмырасы,
  •  35 түп марихуана,
  •  35 жарық шамы,
  •  3 желдеткіш,
  •  1 термометр,
  •  тыңайтқыштар,
  •  2 ауа тартқыш құрылғы.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің құрамында есірткі заттары бар. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: