Тараз әкімдігі орындалмаған жұмысқа 75 млн теңге қаражат жұмсаған
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен қаражаттың төлену дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижеcінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады.
Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді. Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.Жамбыл облысының прокуратурасы
Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript