Қазақ елі "Қазақстан халқына" қоры арқылы зардап шеккендерге 630 млн теңгеден астам қайрымдылық жасады
Қор 4 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың табиғи апаттан зардап шеккен барлық тұрғындар мен өңірлерге барынша қолдау көрсетуге шақыруын қолдай отырып, ауылдық жерлерде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге 200 үй салуды қаржыландыратынын хабарлады.
"Елдегі болып жатқан оқиғаға ерекше назар қойған қазақстандықтар мен ұйымдар қорға су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуге қатысу туралы сұрақтармен жүгінуде. Азаматтар мен кәсіпорындардың бастамасын есепке ала отырып, біз қажетті қаражатты жинауға дайын екендігімізді мәлімдейміз. Барлығы ашық түрде болады.", – деп хабарлады "Қазақстан халқына" қоры.
Заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары 1-30 сәуір аралығында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен зардап шеккендерге ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға жіберіледі.
"Біз барлығын ашық түрде жүргіземіз және егжей-тегжейлі есеп береміз. 3 сәуірдегі жағдай бойынша қордың шоттарына компаниялар мен жеке тұлғалардан 630 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық жарналары түсті", – деп атап өтті.
Қайырымдылықтар ресми сайтта көрсетілген екінші деңгейдегі сегіз қазақстандық банктегі қордың шоттары арқылы ғана қабылданады. Жеке тұлғалар қаражатты банктердің мобильді қосымшаларындағы "қайырымдылық" бөліміне аудара алады.
Бұған дейін Қырғызстанның Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберетінділігі туралы хабарланған болатын.