Астанада жиһаз жасаймын деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 10:50 Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ 2024 жылдың 5 сәуіріндегі берген мәліметіне сай, Сарыарқа аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны көмек сұрап арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу OLX парақшасында үй жиһазын жасап беретінін айтып, жарнама қалдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның мәліметіне сай, күдікті жәбірленушінің ас үй бөлмесіне жиһаз жасау үшін өлшем алып, 1 млн теңгеден астам ақшасын иемденген.

Кейін байланысқа шықпай қойған. Келіп түскен шағымға байланысты жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының 28 жастағы тұрғыны анықталды.

Әрі қарай тексерулер барысында жігіттің аталған фактіден бөлек, тағы бір қала тұрғынын алдағаны белгілі болды. Жалпы, жәбірленушілерге келтірілген шығын 2 млн теңгені құрады.

Сенім білдірген азамат жігіттің парақшасындағы жиһаздардың суреті арқылы тапсырыс беріп, ақшаны алдын ала аударған.

Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: