Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада дәрігерлер жүкті науқастың басындағы қауіпті аневризмаға ота жасады

Астанада жүкті әйелге күрделі ота жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 11:19 Сурет: pixabay
24 жастағы Алматы тұрғынының басы 2024 жылдың ақпан айынан бастап ауыра бастаған. Бір айдан кейін оның көру қабілеті нашарлап, оң қабағы салбырап кеткен, сол себепті офтальмолог пен невропатологтың көмегіне жүгінген. Оған мәскеулік дәрігерлер көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 5 сәуірде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қалалық филиалында хабарлады. 24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын осы жылдың ақпан айынан бас ауруы мазалай бастаған. Бір айдан кейін тіпті көру қабілеті нашарлап, оң қабағының төмен түскенін байқайды. Сөйтіп, ол медициналық көмек алу үшін офтальмолог пен неврологқа жүгінген.

"Бас ауруы күшейе бастаған соң мидың МРТ өту ұсынылды. МРТ-да мидың оң жағындағы артқы артериясының үлкен аневризмасы анықталды, көлемі ұлғайғандықтан жанындағы жүйке құрылымдарын қысып, кез-келген уақытта жарылып кету қаупін тудырды. Бұл реттегі жағдайдың күрделілігі, жүктіліктің 20-аптасында нейрохирургиялық ота жасау бойынша шұғыл түрде шешім қабылдау қажет болды." "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана филиалы

Алматы және Астана қалалары нейрохирургтарының бірлескен талқылауынан кейін санитариялық авиация желісі бойынша пациент одан әрі жедел емдеу үшін Ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізілді.

Ұлттық нейрохирургия орталығына жатқызған кезде науқасты Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының анестезиологтары мен акушер-гинекологтары да тексеруге дайын болды. Хирургиялық араласу мен аталған аурудың қауіптілігіне қарамастан ота жасау және жүктілікті сақтап қалу туралы шешім қабылданды.

Қуаныштысы, ота сәтті өтті, кез-келген сәтте жарылуы мүмкін "бомба" залалсыздандырылды. Нейрохирургтар жүргізілген жұмыстың нәтижесі ойдағыдай екендігін айтуда. Науқасты емдеуге анестезиолог-реаниматологтар мен акушер-гинекологтар да белсенді қатысты.

"Отадан кейін, науқасқа қосымша зерттеулер жүргізген акушер-гинекологтар қайта қарап, тексеруден өткізді. Жатырдағы шарана мен жүктілік барысында ешқандай патологиялар анықталған жоқ. Қазір болашақ ананың денсаулығы жақсы және үйге шығуға дайындалуда." "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана филиалы

Ми тамырларының аневризмасына ота жасау мамандардың жоғары біліктілігін және заманауи медициналық жабдықты қажет ететін ең күрделі хирургиялық араласулардың бірі болып саналады. Отаны Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Махамбетов пен нейрохирург дәрігер Нұртай Нұрақай жүргізді.

Ота науқасқа тегін, яғни МӘМС аясында квота арқылы жасалды. Айта кетейік, мұндай ота құны шетел азаматтары үшін ақылы негізде шамамен 5 млн. теңге болар еді.

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері мұндай күрделі жағдайлар кезінде, қазіргі таңда ананы немесе баланы, қайсысының өмірін сақтап қалу керек деген сұрақ туындамайтынын атап өтті. Нейрохирургия мен анестезиологиядағы заманауи мүмкіндіктер ана мен баланың екеуінің өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Атап өтейік, бұл Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ота жасап, жүктілік кезінде пациенттердің өмірін сақтап қалған бірінші жағдай емес.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: