Жаңа киберлік топ ТМД елдерінің мемлекеттік ұйымдарына шабуыл жасауда

Жаңа киберлік топ ТМД елдерінің мемлекеттік ұйымдарына шабуыл жасауда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 15:55 Сурет: pixabay
Positive Technologies қауіпсіздік сараптамалық орталығы “Lazy Koala” деп аталатын жаңа киберлік топты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, жаңа интернет алаяқтары ТМД елдерінің мемлекеттік және қаржы компанияларына шабулдауда.

"Қауіп-қатерлерді зерттеу аясында PT ESC мамандары Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армениядағы ұйымдарға бағытталған бірқатар шабуылдарды тапты. Құрбандар негізінен мемлекеттік және қаржы компаниялары, сондай-ақ аталған елдердің медициналық және білім беру мекемелері".Positive Technologies қауіпсіздік сараптамалық орталығы

Бүгінгі таңда Positive Technologies-те атап өткендей, 867-ге жуық қызметкердің есептік жазбасы бұзылды. Зиянкестердің негізгі мақсаты - мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің компьютерлерінен түрлі сервистерден есептік жазбаларды ұрлау.

"Қылмыскерлерге бұл ақпарат компаниялардың ішкі құрылымдарында соққы беру үшін керек шығар. Ұрланған деректерді көлеңкелі киберқызмет нарығында да сатып алуы мүмкін", - деп атап өтті Positive Technologies сарапшылары.

Сараптамалық орталық киберлік топты "Lazy Koala " деп атауының бірден-бір себебі, олардың ұрланған деректері бар Telegram-ботты қолдануы. Бұл кибер әлемі үшін қарапайм техника көрінеді.


"Lazy Koala күрделі құралдарға, тактикаларға және әдістерге жүгінбейді, бірақ соның өзіне қарамастан табысқа жетуде. Олардың негізгі қаруы-Python тілінде жазылған қарабайыр стилер (парольдерді ұрлауға арналған зиянды бағдарлама). Алаяқтар жәбірленушіні қажетті файлды браузерге жүктеуге көндіреді.", - деді Positive Technologies қауіпсіздік сараптамалық орталығының киберқауіптерді зерттеу бөлімінің басшысы Денис Кувшинов.

Компания пайдаланушыларға күдікті хаттарды ашпауға, белгісіз сілтемелер бойынша өтпеуге, тексерілмеген сайттар мен торрент-сайттардан ақпарат жүктемеуге кеңес берді. Сонымен қатар, ұйымдар қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемалары туралы хабар беруі керектігін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: