Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлер мен барлау органдарына шабуыл жасауды жоспарлаған лаңкестік топ жойылды

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлер мен барлау органдарына шабуыл жасауды жоспарлаған лаңкестік ұяшық жойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 15:54 Сурет: Instagram/gknb.official
Қырғызстанда лаңкестік ұйымның 30 қолдаушысы ұсталды. Оның қызметін халықаралық террористік ұйымның шетелдік орталықтары үйлестірді, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне (ҰҚК) сілтеме жасап.

Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер радикалды идеологияны насихаттаған "жиындар" өткізген. Террорлық әрекеттерді қаржыландыру үшін де сол жерде ақша жиналған.

"Бұл радикалды топтың негізгі мақсаты еліміздің конституциялық құрылысына қарсы "жиһад" жасау, сондай-ақ шенеуніктерге, арнайы қызмет пен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы лаңкестік әрекеттерді жоспарлау болды", – деп нақтылады Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2025 жылғы 5 наурызда.

Сонымен қатар, топ мүшелерінің бірінен қолдан жарылғыш құрылғыны жасау туралы бейне нұсқаулық тәркіленді.

26 ақпанда Қырғызстанда бірнеше жыл бұрын қос кісі өлтірді деген күдіктінің қазақстандық ұсталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: