ҚМДБ су басқан аймақтарға көмек қолын созуда
Сурет: muftyat.kz
2024 жылдың 5 сәуірі күні ҚМДБ төреағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлері және облыс бас имамдарының онлайн қатысуымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмек көрсету жөнінде арнайы жиналыс өткізді.
Жиын барысында "Зекет және қайырымдылық" қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Бас мүфтиге Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұрғындарға көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмек жөнінде есеп берді.
Дін өкілдері апат болған аймақтағы халыққа барынша көмек қолын созуда. Мәселен, ҚМДБ мәліметінше Ақтөбе облысында имамдар 1 миллион 382 391 теңге қаражат жинап, Ойыл және Қобда ауданы тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті.
Еске саламыз, еліміздің 9 облысында ірі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

