Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО: Тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары сауықтыру лагерлерінде демалады

БҚО: Тасқыннан зардап шеккен отбасылардағы 185 балалары сауықтыру лагерлерінде демалмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 13:03 Сурет: pixabay
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі халыққа Үндеуінде "Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады" деген еді.

Осы тапсырмаға сәйкес, БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары республикалық сауықтыру лагерлерінде демалмақ.

"Баланың аты бала ғой. Эвапунктте іштері пысатын еді. Көңілдері сергіп, жақсы демалып қайтады деп ойлаймын. Олар келгенше де мына тасқынның беті қайтып, қалыпты тірлігімізге оралармыз деп сенемін. Бар жағдайымызды жасауға тырысқаны үшін билік өкілдеріне, отандастарымызға өте ризамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!", - деп Жансұлу Төрешова есімді ата-ана алғысын білдірді.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова берген мәліметке сенсек, демалыс орындарына 185 оқушы барады деп жоспарланған. Олар Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары мен Орал қаласынан. Қазіргі таңда демалыс орнына жолданған баладардың алғашқы легі жолға шықты. Бірінші лекпен аттанған 70 бала 10-24 сәуір аралығында Алматы облысындағы "Тау Жанашар" сауықтыру лагерінде демалады.

Ал 13 бала 10-30 сәуір аралығында Алматы қаласындағы "Бөбек" сауықтыру орталығында демалады. Одан бөлек 102 бала Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы "Камбаш" сауықтыру орталығына жолданды. Ол жақта оқушылар 10 күн демалатын болады,-деді білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова.

"Біздің үй су кіретін болған соң біздерді автобуспен спорт залға жеткізді. Ал, бүгін біздерді Алматыға лагерге жіберіп жатыр. Қасымда эвакуциялық пунктте танысқан достарым да бар. Мен бұрын Алматыда болмаған едім, ол жақтағы демалысымыз жақсы өтеді деген ойдамын. Біздерді Алматы қаласына жіберген аға-апаларға, ата-анама ризамын",- дейді қуанышын жасыра алмаған Ж. Досмұхамедов атындағы МББК оқушысы Оразбек Сырымбек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: