Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 15:36 Сурет: akorda.kz
Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Шарлапаев биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,4 пайызды құрағанын айтты.

Өндіріс көлемін ұлғайтуда машина жасау, металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп сияқты салалардың үлесі зор. Жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Соның арқасында 17,8 мың жұмыс орны ашылмақ;

  • былтыр 157 мың тұрғын үй салынған. Биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. "Отбасы банкі" арқылы қаржыландыру көлемі 300 миллиард теңгені құрайтын бағдарлама іске қосылады. Бұл ел азаматтарына 12 мың ипотекалық займ беруге септігін тигізеді;
  • жер қойнауын пайдалану құқығын беруге қатысты аукциондарды электронды форматта өткізу үшін E-Qazynakz цифрлық платформасының іске қосылған. Бұл бастама процестің ашықтығы мен қолжетімділігін едәуір арттырды;
  • қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: