Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 14:45 Сурет: akorda.kz
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 9 сәуіріндегі Ақорда жариялаған ақпаратқа сай, президенттер шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды.

Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: