Қостанайда су тасқынына байланысты арнайы құрбан шалынды
Сурет: muftyat.kz
Қостанай облыстық орталық мешіті ауласында өңірдегі су тасқынына байланысты арнайы ірі-қара малы құрбандыққа шалынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың 9 сәуірі елдегі су тасқыны ахуалына байланысты ҚМДБ өкілдері Қостанай облысында арнайы құрбан шалды. Бірлестік бұл туралы ресми сайтында жариялады.
Сурет: muftyat.kz
Рәсімге қатысқан ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан малының батасын өзі жасап, дұға етті.
"Уа, Алла Тағалам! Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла Тағалам! Тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы еткейсің. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр" Наурызбай қажы Тағанұлы
Сурет: muftyat.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript