Жаңалықтар тізбегі
0

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары 180 мың теңгеден көмек алды

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары 180 мың теңгеден көмек алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 14:13 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов республикалық штабтың брифингінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлемдері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Қостанай облысының тұрғындары өтемақы төлемдерін ала бастады.

"Бүгінгі таңда 620 отбасына 114,4 млн теңгеге әлеуметтік көмек төленді", – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақталғанын атап өтті.

"Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталуда. 161 жеке тұрғын үйді су басты."

Бүгінде 160 – тан астам жеке тұрғын үй су астында қалып отыр:

  • Қостанайда – 45,
  • Қарасу ауданының Қарамырза ауылында – 25,
  • Қостанай ауданының Алтынсарин, Мичурин, Садовое және Алтындала ауылдарында-91.
"Судың басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Көлік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар"Арман Әбенов

Бұдан басқа, көліктік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар: Екідин, Үрпек, Ақкөл, Қарасу, Сага, Бидайық, Ошаған, Құмшық және Көлкамыс ауылдары Жангелді ауданында, Қызылту ауылы Меңдіқара ауданында.

Бұған дейін, Қазақстан ТЖМ су басу аймақтарынан 96 мың адам эвакуацияланғанын хабарлаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: