Қайрат Сатыбалды ісі бойынша сот кейінге қалдырылды: ол активтерді қайтаруы керек
Сурет: Kaspi Bank баспасөз қызметі
Астанада 11 сәуірде Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істің жаңа эпизоды бойынша кезекті тыңдау өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады. Сатыбалды ҚР ҚК 218 – бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп айыпталуда.
"Өткен жолғы сот отырысында сотталушы кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы өтінішхат берген. Сот тараптарға осы мәселені шешуге уақыт белгілеген болатын. Бүгін, прокурор активтерді, оның ішінде шетелдегілерін қайтару рәсімі уақытты талап ететініне назар аударып, істі кейінге қалдыру және тараптарға аталған рәсімдерді орындау үшін мерзім беру туралы өтінішхатын білдірді",- деді Жоғарғы сот.
Сот отырысы процестік келісім жасау туралы мәселені шешу үшін "ақылға қонымды" мерзімге кейінге қалдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript