Жаңалықтар тізбегі
0

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 11:45 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,4 мың отбасы қамтылды, жәрдемақының жалпы сомасы 116,6 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, наурыз айында 583,1 мың отбасыға 39,4 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

2024 жылғы төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған."ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Айта кетейік, 2024 жылғы ақпанда жалпы сомасы 39 млрд теңгеге 577,3 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: