Жаңалықтар тізбегі
0

Мәулен Әшімбаев: Барлық мемлекеттік қызметкерлер Бишімбаев сынды деп қорытынды жасаудың қажеті жоқ

Мәулен Әшімбаев: Барлық мемлекеттік қызметкерлер Бишімбаев сынды деп қорытынды жасаудың қажеті жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 14:09 Сурет: ЕАМФ
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024 жылдың 11 сәуірінде Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс мемлекеттік аппаратқа көлеңке түсіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәулен Әшімбаев, Қуандық Бишімбаевтың Ұлттық экономика министрі қызметінде өте ұзақ уақыт бұрын отырғанын баса айтты.

"Бишімбаевқа қарап бүгінде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдарда сол сынды деп баға беру қате пікір. Бұл дұрыс емес. Бишімбаев еліміздің заңдарына сәйкес өз іс – әрекеттері үшін жеке өзі жауап берсін", - деді Әшімбаев.

Ол мемлекеттік қызметте прогрессивті және лайықты адамдар жұмыс істейтінін айтты.

Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.

2024 жылдың 8 қаңтарында Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды. Кейін Ішкі істер министрлігі әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевқа "аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабымен қоса, "азаптау" бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: